$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да ер азамат өз келінін зорлаған

Қазталов ауданы Қарасу ауылында 1995 жылғы А. деген әйелді зорлаған 1982 жылғы Ж. деген тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сағат Ғаббасовтың айтуынша, оқиға 30 мамыр күні сағат түнгі 23.00 шамасында орын алған. Арақ ішкен Ж. А-ның үйіне киім аламын деп келіп, оның жалғыз жүргенін көріп, арам ойын іске асырған. Бұл кезде әйелдің екі жасар баласы және алты айлық сәбиі үйде болған. Күйеуі жұмыс жасаймын деп қалаға кеткен. Оның үстіне күдікті А-ға жақын қайынағасы болып келеді.

«Қазіргі кезде күдікті кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша зорлықшы 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс тергеліп біткеннен кейін сотқа жіберіледі», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне С. Ғаббасов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары