Былтыр 5 маусым күні Ақтөбеде салафизм ағымын ұстанатын 20-дан астам жас жігіт қару-жарақ сататын дүкенге және әскери бөлімге лаңкестік шабуыл жасап, бірнеше адамды атып өлтіргені қазақстандықтардың әлі есінде.
Бүгін осы қанды оқиғаның бір жылдығы қарсаңында КТК телеарнасы мен "Қазконтент" медиа-компаниясы ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің тапсырысы бойынша видеоролик әзірледі. Видеоматериал марқұмдарды еске алуға арналған.