Кеше Астанаға әйгілі актер, режиссер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Джеки Чан келді. Құрметті қонақты әуежайдан елорда әкімі Әсет Исекешевтің өзі күтіп алды деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 7-18 маусым күндері аралығында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы қытайлық актер осы шараға қатысу үшін Қазақстан астанасына келіп отыр.
"Бұл шара барысында алты толықметраж фильм, соның ішінде қытай жұлдызының "Кунг-фу Йога" (Тәңір сауыты: қазынаны іздеу" - автор ескертпесі) фильмі де көрсетіледі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Чан фильм көрсетілімдеріне де қатысады", - делінген әкімшілік таратқан ақпаратта.