07.06.2017, 03:16

Астанаға келген Джеки Чанды Әсет Исекешевтің өзі күтіп алды

Кеше Астанаға әйгілі актер, режиссер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Джеки Чан келді. Құрметті қонақты әуежайдан елорда әкімі Әсет Исекешевтің өзі күтіп алды деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 7-18 маусым күндері аралығында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы қытайлық актер осы шараға қатысу үшін Қазақстан астанасына келіп отыр.

"Бұл шара барысында алты толықметраж фильм, соның ішінде қытай жұлдызының "Кунг-фу Йога" (Тәңір сауыты: қазынаны іздеу" - автор ескертпесі) фильмі де көрсетіледі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Чан фильм көрсетілімдеріне де қатысады", - делінген әкімшілік таратқан ақпаратта.