$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында бір отбасының үш бірдей мүшесі дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болды

Алматы облысында қайғылы жағдай орын алды. Бір отбасының үш адамы дəретхана шұңқырына түсіп қаза тапты деп жазады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Қарасай ауданының Қырғауылды ауылында болды. Абайсызда 10 жастағы қыз дəретхана шұңқырына түсіп кеткен. Оған көмекке 1967 жылғы Марат Садықов жəне 1993 жылғы Замира Баширова ұмтылған. Өкінішке орай үш адам бірдей оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған оқыс жағдайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер растады. Нəжіске батып, қаза тапқан адамдардың мүрделерін көршілері шығарып алған. Ал бейресми мəлімет бойынша, 10 жастағы қыз бала ұялы телефонын дəретханаға түсіріп алып, оны алып шығуға ұмтылғанға ұқсайды. Жантүршігерлік жағдай 6 маусым күні сағат  кешкі тоғыздар шамасында болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары