Тұрғын үйлердің тұрғызылуына салынған ақшаны жымқыру деректері бойынша қылмыстық істердің жүргізілуін прокуратура органдары тұрақты негізде қадағалауда. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, ҚР ІІМ-нің тергеу департаменті «Тамызинвест групп» АҚ-ның басшыларына қатысты қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуін аяқтаған. Қылмыстық іс материалдары прокуратураға жөнелтілді.
Астаналық прокуратура қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан В.А.Машуровқа (бұрын В.А.Беридзе) және А.С.Матаеваға қатысты сот алдында бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш жасады.
2017 жылдың 9 маусымында Алматы аудандық сотымен өтініш қаралып, аталған тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта күдіктілер соттық тергеудін соңына дейін уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды, кылмыстық іс мәні бойынша қаралуы үшін соттқа жіберілді.