$ 448.15  483.46  4.86

Алматылық әйел ұлын қорғаймын деп 10 жасар баланы сабап тастады (ВИДЕО)

Алматыда біреудің 10 жасар баласын сабап, тепкілеп тастағаны үшін 35 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Полицейлердің айтуынша, аталған оқиға 6 маусым күні орын алған. Жәбірленген 10 жасар бала 13 жастағы өзге баламен төбелескен көрінеді. Ересек ұлдың анасы екеуін ажыратудың орнына 10 жасар баланы жабылып ұрып тастаған. Ұрып қоя салмай, көпқабатты үйдің подъезіне кіргізіп, қолын қайырып, артынша тепкен.

Алматылық полицейлер қазір бұл іс бойынша тергеу амалдарын бастап кетіпті.

"2017 жылдың 6 маусымында аталған дерек тіркеуге алынып, Әуезов аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторының қарауына берілді. Баланың жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтау үшін сот-медициналық сарапатама тағайындалды. Оның нәтижесінен кейін 13 маусымда 1982 жылғы күдікті әйелдің ісі сотқа жолданады", - дейді Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары