$ 498.34  519.72  4.85

Үкімет отандық көліктерді несиеге сату үшін тағы 10 млрд доллар бөлуі мүмкін

Автонесиелеу бағдарламасына Үкіметтен қосымша 10 млрд. теңге бөлінуі мүмкін. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты деп жазады ҚазАқпарат.

«Елімізде автонесиелеу бағдарламасының басталғаны белгілі. Оған жұрттың қызығушылық басым. Көшілік қатысуға ынталы. Алайда банктер несие беруді тоқтатты. Не себеп? Жалпы бағдарлама болашақта жалғасын таба ма?»  - деп сұраған еді есептік кездесуге қатысушылардың бірі.

Осы кезегінде министр бұл бағдарламаның тоқтамағандығын баса айтты.

«2 жыл бұрын бұл бағдарлама өз жұмысын бастаған еді. Үкімет бюджеттен бағдарламаға  26 млрд. теңге бөлді. Бағдарлама арқылы 9 мыңнан астам  Қазақстан азаматы жаңа көлік алды. Ол елімізде сатылған отандық көліктердің және жалпы сатылған көліктердің 30 пайызын құрайды. Аталған несиелер 5-7 жылға берілген. Енді ол ақшалар 1-2 жылдың ішінде банктерге қайтады. Несие банктерге Үкімет тарапынан 20 жылға беріліп отыр. Сондықтан бұл бағдарлама тоқтаған жоқ, 20 жыл жұмыс істейтін болады. Осы жылы біз Үкіметке аталған бағдарламаға қосымша 10 млрд. теңге қаржы бөлу ұсынысын бердік», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары