$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда студентті өлтірді деп күдіктелген "байдың балалары" жазадан құтылып кетті

Алматыдағы Аграрлық университеттің студенті Дидар Болысбектің өлімі 11 сәуірде орын алған болатын. Жатақханада көз жұмған баланы қатарластары ұрып-соққан. Полицейлер күдіктілерді ізін суытпай ұстағанымен, жауапқа тек бір ғана адам тартылатын секілді. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеп отыр.

Дидардың өлімінен кейін тәртіп сақшылары жеті бірдей күдіктінің қолына кісен салған. Алайда, олар бірінен соң бірі босап шығып, тек Тойчыбек Асамов есімді студент қана тергеуге алыныпты. Бүгінде оның ісі сотқа өтіп, енді ол ауыр қылмыс үшін жалғыз жауап бермекші.

Тойчыбектің анасы ұлының кінәсіз екеніне және оны қорқытып мойындатқанына сенімді. Өйткені, марқұм Дидар екеуі бұрын дос болған екен. Ал, алғашында ұсталып, кейін босап шыққан өзге студенттер "байдың балалары" көрінеді. Бірінің әкесі полицей, екіншісінің әкесі әкім, тағы өзгелерінікі қалталы азаматтар дейді ашынған ана.

Кеше Дидардың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы өтуі тиіс болған. Алайда, жәбірленуші тараптан ешкім келмегендіктен процесс кейінге қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары