Қарағандыда екі көліктің соқтығысуы салдарынан 25 және 23 жастағы екі жігіт қайтыс болды деп жазады "Sputnik Қазақстан" Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Кудияровқа сілтеме жасап.
Болжам бойынша Бұхар жырау және 15 магистраль көшелерінің қиылысында ГАЗель жүргізушісі BMW жеңіл көлігіне жол бермеген.
Жол апаты түнгі сағат 22:20-да орын алыпты. Алдын ала болжам бойынша, ГАЗель көлігінің жүргізушісі солға қарай Сарань шоссесіне қарай бұрылыста Бұхар жырауға қарай бара жатқан BMW көлігін өткізбей, салдарынан екеуі соқтығысқан. Жеңіл көліктің 1992 және 1994 жылғы екі жолаушысы алған жарақаттардан көз жұмды. ГАЗель жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
"ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлайды Күдияров. Полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізуде.