$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда ер азамат көпірден секіріп кетті

Алматыдағы Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысындағы көпірден ер азамат секіріп кетті деп жазады Tengrinews.kz куәгерлердің біріне сілтеме жасап.

Куәгердің айтуынша, оқиға бүгін таңертең сағат 10:00 шамасында орын алған. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем қызметкерлері және құтқарушылар келіп жетіпті. Олар көпірдің астына тентті керіп қойып, ер адамның аман қалуына жағдай жасаған.

"Соттың шешіміне келіспей, наразылық ретінде секірген көрінеді. Әлі нақты ақпарат жоқ", - деді куәгер. Оның айтуынша, ер азамат құтқарушылар керіп қойған тенттің үстіне түскен. Оны жедел жәрдем дереу ауруханаға алып кетіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары