Ақтөбеде қалааралық автобустың аударылуы салдарынан 9 адам қайтыс болып, 18-і жараланды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары деп жазады Tengrinews.kz.
Автобус Ресейдің Волгоград қаласынан Шымкентке бет алған екен.
"22 маусым күні сағат 10:20 шамасында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында Самара-Шымкент тас жолының 946-шақырымында Mercedes-Benz маркалы қалааралық жолаушылар автобусы аударылып қалды. Автобустар барлығы 52 адам болған. Олардың 52-сі Өзбекстан азаматтары, екеуі Қазақстаннан. Автобус Волгоградтан Шымкентке қарай бет алған", - дейді ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Жараланған 18 адамның бірі Қазақстан азаматы. Қайтыс болғандар мен жараланған өзгелері өзбектер. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем 25 адамға сол жерде көмек көрсеткен.