$ 498.55  524.28  4.75

Шымкенттік түлек ҰБТ-дан 138 балл жинағанын апелляциялық комиссияға дәлелдеп берді

Шымкенттегі №8 гимназияның түлегі Әсел Жаңабаева ҰБТ қорытындысы бойынша 136 балл жинаған болатын. Алайда, апелляциялық комиссияға шағымданған жас дарын өзінің тағы екі сұраққа дұрыс жауап бергенін дәлелдеп шықты. Нәтижесінде, комиссия Әсел Жаңабаеваға тиесілі балын қосты деп жазады Otyrar.kz.

Осылайша №8 гимназияның 11"М" сыныбын бітірген Әсел Оңтүстік Қазақстан облысынан ең көп ұпай жинаған түлектердің көшін бастап отыр. Тест сұрақтарының қателігін ол мамандар алдында дәлелдеп шығып, максималды 140 балдан 138-ін жинады.

«Ол енді көшбасшы. Әсел өзіне 11 жыл бойы білім беріп, осындай нәтижеге қол жеткізуіне атсалысқан барлық мұғалімге алғысын айтып отыр. Оның жоғары нәтижесі - гимназияның жеңісі» — дейді Әселдің сынып жетекшісі Марина Ли.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары