$ 499.51  525.83  4.62

Ақмола облысында мектеп мұғалімі есірткі сатып жатқан жерінен қолға түсті

Ақмола облысында мектеп мұғалімі героин саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, алдымен тауар жеткізуші және мұғалім мен оның күйеуі, Одесское ауылында есірткі алып жатқан кезінде қолға түскен деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Ал тағы үшеуін күдіктілердің көрсетуі бойынша ұстаған. Тергеу мәліметінше, ауыл мектебінде, бастауыш сыныпқа ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалима есірткі бизнесін әбден дөңгелеткенге ұқсайды. Оған клиенттері телефон арқылы тапсырыс беріп отырған. Ал ұстаз тауарды жеке автокөлігімен үйлеріне жеткізіп тұрыпты. Оны кезекті саудасы кезінде ұстаған полицейлер, үйінен 16 грамм героин және 200 мың теңге ақша тәркіледі. Қазір жазғы демалыста жүрген мектеп мұғалімі бұл есірткі бизнесіне тағы 5 адамды тартқан. Қылмыстық топты басқарған әйелдің қолы тимей қалғанда, есірткіні азаматтық некедегі күйеуі жеткізіп тұрыпты. Аталған қылмысқа кәмелетке жасы толмаған қызы, сіңлісі де тартылған болуы мүмкін дейді полицейлер.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазір 3 адам қамауға алынды. Мектеп мұғалімінің өзі, күйеуі және есірткі жеткізіп тұрған азамат. 3 күдікті қолхатпен жіберілді. Бұлардың қатары әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені олар есірткіні осы маңайдағы Степногор қаласында, Шортанды, Ақкөл аудандарында сатты деген күдік бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары