$ 499.51  525.83  4.62

Алматы әкімі жаяу жүргіншілерге басымдық беретін бірқатар көшелерді қайта жасаудың барысын тексерді (ФОТО)

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңын қайта жасаудың барысын тексерді. Қайта жасалған көше аумақтарына  кеспе  тастар төселуде, жасыл желек отырғызылып, кіші архитектуралық формалар, спорт инвентарлары қойылуда, балалар алаңдары жасалуда, веложолдар абаттандырылуда, ғимараттарды айшықтайтын жарық көздері орнатылуда.  Жобаларда  бұрыннан бар жасыл желекті кесу немесе олардың түрін бұзу қарастырылмаған. Көмескі  кеңістікті кеңейту мақсатында биік  ағаштар, қайың, емен және  басқалары, мыңнан астам бұта-шілік  отырғызу қарастырылған.

Мысалы, «Астана» алаңында көлік қозғалысы жолағы қысқарады, босаған кеңістіктерге қосымша ағаштар отырғызылады, екі құрғақ субұрқақ пайда болады. Осылайша, жаяу жүргіншілер мен көлік легі екіге бөлінеді, автотұрақ аймағы шектеледі. Алаңның солтүстік бөлігіне  гранит тастар төселеді. Жұмысты қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Панфилов көшесі Қабанбай батыр көшесінен Жібек жолы  жолы көшесіне дейін тек жаяу жүргіншіге арналады,  оңтүстіктен солтүстікке қарай біржақты көлік қозғалысы  және  арнайы көліктер (жедел жәрдем, өрт сөндіруші) жолағы болуы мүмкін. Яғни, Арбат пен Абай атындағы опера және балет театры алдындағы скверлер жасыл дәліздер арқылы жалғасады. Жаяу жүргінші жолына гранит плиткалары төселеді, ағаштар мен гүлзарлар бой көтереді, демалыс аймағы, ойын және спорт алаңдары болады, орындықтар қойылады. Жұмысты  биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Атап өтерлік жайт, көшелерді қайта жасау жұмыстары барысында  көне қаланың кеспе тастары табылған. Алматы әкімі архитекторлар мен мердігерлік ұйымдарға көне тастарды сақтауды, олардың кейбірін Панфилов көшесі бойындағы жаяу жүргінші жолына төсеуді тапсырды. «Осының барлығы сақталуға тиіс, бұлар  біздің сүйікті қаламыздың тарихы» - деді Бауыржан Байбек. 

Гоголь көшесі учаскесінде жеке көліктер қозғалысын екі жаққа да бірдей тек бір жолақ  арқылы жүргізу қарастырылған, тек арнайы «қалташаларда» ғана көлікті қалдыруға болады. Қоғамдық көлікке жолақ бөлу ұсынылады. Кеңейтілген жаяу жүргінші аймағына  бетонды  плиткалардан тротуарлар жасалады, әңгімелесу, балалар алаңдары бой көтереді. Бірінші кезеңде Желтоқсан көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аумақ қайта жасалады.

Қабанбай батыр көшесі Төлебаев көшесінен Масанчи көшесіне дейін кезең бойынша жасалады. Жобада бұл аймақтың бірыңғай  архитектуралық сипат алатыны көрсетілген. Көлік қозғалысы бөлігі шектелмейді, бірақ жаяу жүргінші аймағына көлікті қалдыруға тыйым салынады,  автомобиль арнайы жабдықталған «қалташаларда» қалдырылады. Тротуарларды гранитті және бетонды плиткалардан жасау қарастырылған, газондардың тапталмауы үшін бұтақтар отырғызылады, балалар алаңдары және басқалары ұйымдастырылады. 

Қайта жасау аясында Жібек жолы көшесін Қонаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін ұзарту қарастырылған. Жобада бұрынғы келбетін сақтай отырып, Арбат  учаскелері жеке функционалды аймақтарға бөлінеді. Отырып демалатын орындар  көп болады, бұрыннан бар субұрқақтар қайта жасалады, спорт, балалар алаңдары пайда болып, кеспе тастар орнына гранит пайдаланылады.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тракты бойындағы жол айрығының құрылысын да тексерді, «Жас отау» неке сарайының қайта жасалуын көрді, қалада салынып  жатқан «Науаи», «Бастау», «Глория», «Miras Park»,«Dostyk Residence» сынды бірқатар тұрғын кешендерінде болды. Атап өтерлік жайт, тек соңғы екі нысанда ғана 80 отандық компания мен 6 мыңнан астам адам жұмыс істеуде. Мұндағы қазақстандық үлес  70 пайыздан асады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары