$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы "Альфа Банкті" тонауға қатысы бар деген күдікпен банк қызметкері ұсталды

Алматыдағы "Альфа Банк" филиалының тоналуына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Олардың бірі банк қызметкері болса, екіншісі осы банкте бұрын жұмыс істеген азамат. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің бапсасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, қарақшылардың бірі банктің ақша сақтайтын қоймасына басып кірген.

"27 маусым күні Алматыдағы банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз күдікті кілт теру арқылы банктің қоймасына кіріп, ондағы қызметкерлерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 65 миллион 300 мың теңгені алып кеткен", - деді Сәдубаев.

Кешенді шұғыл іздеу шараларының барысында екі күдікті ұсталған. Олардың бірі осы банкте бұрын жұмыс істесе, екіншісі қазіргі қызметкері. Олардан тапанша мен банкке кіретін карточка және ұрланған ақша түгелімен тәркіленіп алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары