"Tamiz Invest Group" АҚ рұқсат құжаттарынсыз "Территория комфорта-2", "Орбита", "Алтын Раид" кешендерін салған деп жазады Астана әкімдігінің медиа-орталығы.
Қазір тұрғын-үй кешендерінде адамдар тұрып жатыр, дегенмен салушылар баспананы пайдалануға беру туралы рұқсат құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмысты аяқтамаған. Бұл мәселенің шешімі созылып кетуіне байланысты жағдайды Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын-үй құрылысына үлескерлікпен қатысу жөнінде ведомствоаралық комиссия қатаң бақылауға алды.
Қазіргі уақытта ҚР Ішкі істер министрлігі АҚ-ға қатысты бөтен мүлікті жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Басшылық қамауға алынды. Атап кеткен жөн, ведомствоаралық комиссия бұған дейін нысандарды пайдалануға беру үшін рұқсат қағаздарын әзірлеу бойынша құжаттардың болу керектігін баспана салушыға ескерткен болатын.
Үлескерлерге тұрғын-үй-құрылыс кооперативтерін құрып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуын есепке алумен ТҚК пайдасына нысандарды өтеу бойынша жұмыстарды атқаруға кеңес берілді. Алайда пәтер иелері жұмыстарын аяқтауға қатысты әлі күнге дейін қандай шара қабылдау керектігі жөнінде бір нақты шешімге келмеген.