$ 447.4  477.55  4.76

Атырау облысында түйелер қарақұрттың шағуынан қырылып жатыр

Атырау облысында түйелерге қарақұрт шабуылдауда. Удың салдарынан бірнеше мал өлген деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Атап айтқанда, қарақұрт шаққан түйелердің жетеуі өлген. Олардың алтауы Индер ауданында. Ал, уақытылы ем көрсетілген жиырма мал құтқарылды.

Мал дәрігерлерінің айтуынша, өрмекшілердің белсенділігіне аптап ыстық ауа райы түрткі болған. Алайда неліктен тек түйе малы ғана зардабын тартып жатқаны түсініксіз.

Қарақұрт шаққан малды құтқаруға болады, бірақ иесі бір-екі күн ішінде сырқатын анықтауы тиіс, сонда у денеге тарамай ем көрсетуге мүмкіндік туады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары