Өскеменде бүгін 75 жастағы зейнеткерді трамвай қағып кетті. Темір дөңгелектер қарт әйелдің аяқтарын басып кеткен. Жедел ауруханаға жеткізілген оның өмірін дәрігерлер құтқарып қала алған жоқ.
Бұл оқиғамен қазір ішкі істер органдарының өкілдері айналысып жатыр. Алдын ала белгілі болғандай, зейнеткерді трамвай жүргізушісі мүлдем көрмеген. Ауыр көлік оны 4 метрдей жерге сүйреп әкетіпті. Қарияның негізінен екі аяғы ауыр жараланған екен. Дәрігерлер аяқтарын кесіп алып тастау операциясын жасауға дайындалып жатқан сәтте науқас көз жұмды.
Кісі өлімінен кейін трамвай жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.