$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да дауылдан зардап шеккен ардагер ауруханада қайтыс болды

Өскемендегі дауыл кезінде ауыр жарақат алған 82 жастағы тыл ардагері Шерьяздан Исанов аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz. Марқұмның туыстары қарияның өлімін түбегейлі тексеріп, кінәлілерді анықтайтынын айтып отыр.

Шерьяздан Исановтың қайтыс болғаны туралы оның туыстары мәлімдеді.

"Атамыз дүниеден өтті, кеше кешке жүрегі шыдамай, тынысы үзілді", - деді ардагердің Азиз есімді немересі.

№1 қалалық ауруханадағылар да қарияның көз жұмғанын растап отыр. Дәрігерлердің айтуынша, Ш.Исанов кеше кешкі сағат ондар шамасында есін жимастан қайтыс болған. Оның бірнеше сүйегі сынып, кеуде тұсына терең жарақат түскен.

Марқұмның туыстары орын алған қайғылы жайтқан жергілікті биліктің кінәсі бар-жоғын анықтауға бел шеше кірісетіндерін айтып отыр.

Еске салайық, 17 шілде күні кешке Шығыс Қазақстан облысында алапат дауыл болып, бірнеше үйдің шатырын ұшырып әкетті. Талдар құлап, көліктерге залал келді. Қайтыс болған Шерьяздан Исанов құлаған шатырдың астында қалып қойыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары