$ 498.51  522.84  4.81

Шымкентте газеттің бас редакторы «салықшымын» деп, заңсыз ойынханаларды бопсалаған

Шымкенттен шығатын «Қоғамдық бақылау» газетінің бас редакторы заңсыз ойынханалардың басшыларынан ірі көлемде ақша бопсалаған. Ол өзін облыстағы Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілімін деп таныстырып, қомақты сыйақыға «крыша» болуға уәде еткен екен. Бұл туралы ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер департаментінің өкілдері журналист Ғани Өмірәлиевті 13 шілде күні қолға түсірген. Бұл күні күдікті облыстық прокуратура ғимаратының жанында Д.А.Муковникова деген әйелден 100 мың теңге көлемінде ақша алмақ болыпты. Сол сәтте оны Мемлекеттік кірістер департаменті мен ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары қылмыс үстінен ұстаған.

Ғ.Өмірәлиев қолдан жалған құжат жасау арқылы өзін ОҚО МКД Экономикалық тергеу қызметінің өкілімін деп таныстырыпты. Осылайша, заңсыз ойын бизнесіне "крыша" боламын деп, Муковниковадан 5 миллион теңге бопсалаған.

Қазір 1983 жылғы күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары