$ 498.51  522.84  4.81

Сәтпаевта жоғалып кеткен 5 жасар қызды педофил өз үйінде күштеп ұстаған

23 шілдеде Сәтбаев қаласында жоғалып кеткен 5 жастағы қыз жергілікті тұрғынның пәтерінен табылды. Ер адам қызды зорлағанын мойындады деп жазады Tengrinews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыздың жоғалып кеткені туралы алғаш әлеуметтік желілер арқылы белгілі болған. Қызды алдымен әкесі және бей-жай отыра алмаған тұрғындар іздеген. Істен оң нәтиже шықпаған соң әкесі полицияға хабарласқан. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі полицейлердің қызды 50 жастағы қала тұрғынының пәтерінен тапқанын хабарлап отыр. 

"23 шілдеде Сәтбаев қаласының 40 жастағы тұрғыны қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Ішкі құрам бірден іздеуге кірісті. Жедел-іздеу тобы әр пәтерді аралап, қызды тапты. Полицейлер 50 жастағы тұрғынды оқиға орнында ұстады, ол қызды алдап пәтеріне кіргізіп, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткенін мойындап отыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ер адам он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары