Оңтүстік Қазақстан облысында екі бірдей шенеунік пара алып жатқан жерінде қолға түсті деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
"23 шілде күні Ұлттық бюроның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдері 7 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ОҚО Ревизиялық комиссиясының төрағасы С.Шалабай мен осы комиссияның бас аудиторы Б.Құдияровты ұстады. Бұл қаражат үшін олар тексеру хаттамасына оң нәтиже көрсетуге уәде берген", - делінген аталған хабарламада.
С.Шалабай Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына жабылды. Ал, қылмысты мойындап, тергеу амалдарына көмектескені үшін Б.Құдияров қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.