Қоғам 26.07.2017 сағат 03:20

Өскеменде Назарбаев өзі ашқан спорт алаңшасын белгісіз біреулер талқандап кетті

Өскеменде жаңадан ашылған «Нұрлы жол» саябағын вандалдар бүлдіріп үлгерді. Олар баскетбол қалқанын майыстырып, жолға төселген плиталарды тесіп тастаған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бар болғаны жеті айдың ішінде салынған саябақты Шығыс Қазақстанға сапары барысында Елбасының өзі ашқан болатын. Алайда екі апта уақыт өтпестен, онда орнатылған құрылғылар бұзақылардың ермегіне айналып отыр. Белгісіз біреулер 2 баскетбол щиті мен тратуардан өзге, тұрған темір қазықтарға да қол салған. Бүгінде оның түбіне құйылған цемент сынып, темірі босай бастапты. Енді жергілікті мамандар қадағалауды күшейту үшін бұл саябақтың төңірегіне қоршау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның құрылысы толық аяқталғаннан кейін жаңа саябақты жергілікті мәдинет бөлімінің балансына кіргізу көзделген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар