$ 498.34  519.72  4.85

Прокуратураға барып өзін атып өлтірген Ө.Жампозовтың ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Целиноград ауданы прокуратурасына барып, прокурор мен полицейді мылтықпен атып, артынша өзін атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың ұлы Асылжан Жампозовтың үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Оған прокурорға күш көрсетті деген айып тағылып отыр. Аталған іс Ақмола облыстық ІІД-нің құзырында.

"Целиноград аудандық прокуратурасы өкіліне күш көрсеткені үшін А.О.Жампозовтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, "билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша тіркеуге алынды және Ақмола облыситық ІІД Тергеу басқармасының өндірісіне берілді", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі Informburo.kz тілшілеріне берген сұхбатта.

Жампозовотар отбасының адвокаты Бақыт Қайыржанованың айтуынша, қылмыстық іс туралы Асылжан Жампозовтың өзіне әлі хабарланбаған. Тергеуге де әлі ешкім шақырмапты.

"Өмірбек қайтыс болған күні Асылжан оқиға орнында болып, әкесінің денесін көрген. Бірақ, құқық қорғаушылар оны әкесіне қарай жібермеген. Мен бұл сәтті көзбен көрген жоқпын, сотта болдым. Сол кезде ол прокуратура қызметкерлерінің бірін әлде итеріп жіберген, әлде ұрған. Бізге қылмыстық істің қозғалғанын айтты, бірақ шақырған жоқ. Істің Ақмолда емес, Көкшетауда жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондықтан, біз тергеудің басталған-басталмағанын әлі білмейміз. Бізді прокуратураға шақырды, Асылжанның прокурорды ұрғанын айтты. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғамақшы екендерін мәлімдеді. Мен марқұмның ұлы болған жайттан кейін өзін жоғалтып алғанын айттым", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір Өмірбек Жампозовтың жесірі марқұмның туған жері Таразға көшіп кетіпті. Ортаншы ұлы қазір әкесіне қатысты жүріп жатқан тергеудің басы-қасында жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары