$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да жалдамалы жұмысшы үй иесінің жеткіншек қызын зорлап жатқан жерінен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданына қарасты елдімекендердің бірінде 15 жасар қызды зорлады деген күдікпен 42 жастағы ер азамат ұсталды деп мәлімдеді "Отырар" телеарнасы.

Ұсталған азамат өзі жалданып жұмыс істеп жүрген үйдің жеткіншек қызын зорлап жатқан жерінен қолға түскен. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер күдіктіні тергеп, оның бұған дейін де кішкентай қызға зорлық көрсеткенін анықтады. Азғын үй иелерінің кеткенін күтіп, қыз жалғыз қалғанда өзінің арам ойын жүзеге асырып келіпті. Ол қызды қорқытып, болған жайтты ешкімге айтпауын талап еткен. Қазір жәбірленушімен психолог-мамандар жұмыс істеулде. Ал, күдікті болса қамауға алынды.

«Ауыл тұрғынының фермасында жұмыс істеп жүріп күдікті оның 2002 жылғы қызын бірнеше рет зорлаған. Қазір оны 2 айға қамауға алуға санкция бердік. Бұл іс арнайы сотта қаралатын болады»", - дейді Сайрам аудандық сотының тергеу судьясы Салтанат Қабылова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары