$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте «ВАЗ-21014» жүргізушісі әйелді қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті

Шымкенттік полицейлер 9 тамыз күні таңғы сағат 05:30 шамасында жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр. Жәбірленуші әйел ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Марқұмның кім екені әлі анықталған жоқ деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға Темірлан тас жолының бойында орын алған. Полицейлер шұғыл іздеу шараларын жүргізуде. Айтуларынша, жас шамасы 30-35 жастағы әйелді «ВАЗ-21014» маркалы көлік қағып кеткен.

Қазір жергілікті полиция қызметінің бүкіл құрамы қашып кеткен жүргізушіні іздеуге кіріскен. Кісі өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары