$ 498.34  519.72  4.85

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе экологиясының ластанып кеткенін айтып дабыл қақты

Биыл Ақтөбе қаласындағы кәсіпорындар ауаға 93,7 мың тонна зиянды қалдық шығарып, ластаған. Бұл туралы кеше облыстық әкімдікте өткен жиында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтты.

"Ақтөбеде ауаны ластайтын 167 орта және ірі кәсіпорын бар. Соның тоғызы ауаны жүйелі түрде ластап отыр. Экологияға жауапты департаменттердің оларға нақты шара қолданбағанына бірнеше жыл болды. 20-30 мың теңге айыппұл төлеткізумен ғана шектеледі", - деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

"Егер бақылаушы органдардың іс-шаралары нәтижелі болса, Ақтөбені жағымсыз иіс жайламаған болар еді, халық та наразы болмас еді. Бұл өте өзекті мәселе. Соңғы кездері экологияны жақсарту үшін түрлі іс-шаралар қолға алына бастады. Алайда әзірше нақты нәтиже жоқ".

Ақтөбе облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұловтың сөзіне қарағанда, ақтөбеліктер көміртек оксиді, органикалық емес шаң-тозаң, азот тотығы, 2 пайыз күкірт диоксиді және тағы басқа зиянды қалдықтармен тыныстап отыр.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары