$ 443.85  474.3  4.8

Жамбыл облысында шекарашыларға шабуыл жасап қаза тапқан тұрғын туралы мәлімет айтылды

Кеше қазақ-қырғыз шекарасында шекарашыларға шабуыл жасап оққа ұшқан азаматтың кім екені белгілі болды. Марқұм шекараға жақын орналасқан Жасөркен ауылының 1987 жылғы тұрғыны Еркін Әміртаев болып шықты. Оның артында әйелі мен екі қызы қалды деп мәлімдеді жергілікті әкімдік қызметкерлері. Ол еш жерде жұмыс істемеген.

"Қайтыс болған Еркін Әміртаев Жасөркен ауылының тумасы. Үйленген, кәмелетке толмаған екі қызы бар. Ресми мәліметтерге сәйкес, оның әкесі Дәулеткерім Әміртаев та, анасы Райкүл Есеева да жұмыссыз", - дейді Жамбыл облысы Қызылқайнар ауылдық округінің әкімдік қызметкерлері.

Қазір шекарада болған атысқа байланысы арнайы штаб құрылып, мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, қазақ-қырғыз шекарасындағы төтенше жағдай 12 тамыз күні кешке орын алды. Шамамен 15-20 шақты адам шекараны заңсыз кесіп өтпек болып, оларды тоқтатқан шекарашыларға күш көрсеткен. Мұндайды күтпеген шекара күзетшілері алдымен ескерту оқ атып, болмаған соң шабуылдаушылардың біріне оқ атқан. Бұл оқ Еркін Әміреевтің басына тиіп, ол оқиға орнында қаза тапты. Ал, жанындағы серіктері оның денесін алып, Жасөркен ауылына қарай қашып кеткен. Мәйіт Әміреевтің өз үйінен табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, шекарашыларға шабуыл жасағандар Қазақстанның азаматтары, олар Қырғызстан аумағына қарай заңсыз өтпек болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары