Шымкеттік экс-олигарх, "Шымкентсыра" зауытының бұрынғы иесі, билікті басып алмақ болды деп 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешовтің дүние-мүлкін тәркілеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өткен айда оның аса қымбат көліктері сатылымға шықса, бұл жолы жергілікті әкімдік Төлешовке тиесілі зәулім үйлер мен жер телімдерін өз меншігіне тартып алды.
Тоқтар Төлешевтің 8 жер учаскесі мен 4 коттеджі сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті. Бұл туралы "Астана" телеарнасына қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әйгерім Жұмағұлованың берген ақпарына сүйенсек, «сыра королі» атанып кеткен Төлешовтің меншігінде болған «Фосфоршылар сарайының» тағдыры да шешілетін күн алыс емес. Мәдениет үйіне қатысты сот ісі жүріп жатыр. Ал 8 бірдей жер теліміне келешекте көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Төлешовке тиесілі болған төрт зәулім үйдің екеуі білім бөліміне бұйырып отыр.
Әйгерім Жұмағұлова, Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
- Коттедждердің біреуін әлі оның отбасы босатпады. Оған босату жөнінде сотқа қағаздар өткізілді. Қалған екі коттедж қала әкімдігінің білім бөліміне берілді. Онда мәдениет үйі ашылатын болады. Ал бір коттедж қиратылатын болады.