Сарыарқа аудандық ІІБ-нің Тергеу бөлімі «Анмар Тур» ЖШС-нің және оның басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полицейлерге Астана қаласының үш тұрғыны арызданыпты. Олар аталған турфирма басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұраған. Арыздарында көрсеткендей, турфирма қызметкерлері саяхатқа шықпақ болған азаматтардың ақшаларын қалтасына басып, өздеріне ешқандай турпакет тауып бермеген. Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгені құрайды.
Қазіргі таңда Сарыарқа АІІБ «Анмар Тур» ЖШС-нің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға кірісіп кетті. ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы (ірі көлемде алаяқтықпен айналысу) бойынша іс қозғалған.