Биыл 410 астаналық Алла алдындағы бес парызының бірі – қажылығын өтеуге аттанады. Бүгінде оларға «Әлжан ана» мешітінде арнайы дайындық курсы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
- Биыл 410 астаналық 23 тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан тікелей Астана-Джидда бағытында ұшады. Тамыз айының 15-18 аралығында «Әлжан» ана мешітінде қажыларымызды алдын ала дайындау мақсатында арнайы курс ұйымдастырылып жатыр. Онда қажылық парызын өтеген имамдар ұлы сапарға аттанғалы отырған азаматтарға дәріс беріп, толық мағлұмат беретін болады, - деді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, осы жылы Қазақстан бойынша 2500 адам қажылыққа аттанады.