$ 443.85  474.3  4.8

Астаналық полицейлер кішкентай Милананың әкесін іздеп тапты

Астананың жергілікті полицейлері бір аптадан бері оңалту орталығында іздеу-сұраусыз жатқан кішкентай қыздың әкесін іздеп тапты. Өз есімін Милана деп таныстырған кішкентай сәби 10 тамыз күні түнгі бірлер шамасында Қабанбай көшесіндегі айналма жолдың маңынан табылған болатын.

Полицейлер сондай-ақ, қыздың анасының кім екенін де анықтады. Ол - 1988 жылғы Павлодар облысының тұрғыны Дамилия Ахметшина екен. Қазір тәртіп сақшылары әйелді табу үшін іздеу жұмыстарын жүргізуде.

37 жастағы Павлодар облысының тұрғыны Вячеслав Гераськоның айтуынша, ол азаматтық некедегі әйелімен екі жылдан бері бірге тұрмайтын болып шықты. 2015 жылы оның әйелі кішкентай қызын алып, Теміртаудан Астанаға кетіп қалған екен. Елордада олар жалдамалы пәтерде тұрып келген. Кішкентай Милананың ата-анасы іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты В.Герасько өз таныстарынан естііпті. Оның айтуынша, Д.Ахметшина алкогольді ішімдікке салынып кеткен. 

Әзірге кішкентай Милана оңалту орталығында қала бермек. Өйткені, ер азаматтың тұрғылықты мекен-жайы мен жұмысы жоқ. Дәл қазіргі таңда ол Қарағанды облысы Осакаровка ауданында құрылыс нысанында жұмыс істеп, сол жерде тұрып жатқан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары