$ 498.34  519.72  4.85

Астанада үш жігіт бір бейтаныс еркекті жабылып зорлаған

Астанада 32 жастағы ер азаматты жабылып зорлаған үш жігіт сотталды деп жазады Tengrinews.kz. "Алматы" аудандық прокуратурасы аталған жайттың анық-қанығын айтып берді.

Биыл сәуір айында үш жігіт спирттік іші алып, Уәлиханов көшесіндегі дәмханалардың біріне барған. Онда олар 32 жастағы ер азаматпен танысып, көңілді кешті пәтерге барып жалғастыруды ұсыныпты.

"Жәбірленуші ер азамат ішімдік көп ішіп қойғандықтан тез ұйықтап қалған. Сонда үш азамат арам ойын жүзеге асырып, қорғансыз адамды жабылып зорлаған", - дейді прокурорлар.

Медициналық сараптама барысында жәбірленген ер азаматтың дене жарақаттарын да алғаны анықталды. Ол пәтерде бірнеше сағат қамауда болып, ақыры қашып құтылыпты. Үйден шыға салып мешітке дейін жүгіріп барған. Имамға болған жайтты айтып, көмек сұрағаннан кейін оқиға орнына полицейлер келіп, үш күдіктіні ізін суытпай қол түсіріпті.

2 тамыз күні осы іс бойынша сот отырысы өтіп, айыпты үш жігіттің әрқайсысы 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары