$ 498.34  519.72  4.85

Таразда әріптестерін пышақтап тастаған шенді полицей ұсталды

Тараздағы полицейлердің өзара пышақтасу оқиғасына қатысты ІІД-нің бүрынғы басқарма басшысы ұсталды деп жазады Тengrinews.kz ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Жамбыл облысының полицейлері облыстық ІІД басқармасының бұрынғы басшысы М.Үмбеталиевті ұстады. Қазіргі кезде басқарма басшысына қатысты бұлтарпау шарасы таңдалып жатыр", - дейді Сәдубаев. 

Еске салайық, оқиға 2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында болған. Осы уақытқа дейін Үмбетәлиев іздеуде жүрген. Прокуратура мәліметі бойынша, Үмбетәлиевтің әйелі оған қоңырау шалып, өз еркімен берілуін сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары