Шымкентте бағдаршамның "қызыл" түсіне өтіп кеткен автобус 18 жастағы бойжеткенді қағып кетті. Қыздың жағдайы өте ауыр, қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр деп мәлімдеді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
"Жәбірленуші тірі, ауруханада жатыр. Аталған факи бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды. 1983 жылғы автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Айыбын толық мойындап отыр. Оқиға бейенебақылау камераларына да түсіп қалған. Жәбірленген 1999 жылғы қыз қазір өте ауыр жағдайда облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді ОҚО ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Айта кетейік, оқиға 19 тамыз күні "Теріскей" шағынауданында орын алған.