$ 448.15  483.46  4.86

«Нұр Отан» партиясы 25 жыл бұрын жоғалып кеткен атыраулық азаматтың табылуына көмектесті

Еліміздің аймақтарындағы «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлімдері, қарапайым халықтың тұрмыстық-материалдық мәселесін ғана емес, отбасына қатысты жеке мәселелерге де немқұрайды қарамайды. «Нұр Отан» партиясының көмегінен үміт күткендердің бірі – Валерий Крайнов. Ол 25 жыл көрмеген туған ағасымен жүздесіп, өмірі ұмытылмас қуанышқа кенелді.

Ағымдағы жылдың шілде айында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына Валерий Крайнов есімді азамат келіп, өзінің ағасы Александр Крайновты іздеп табуға көмек сұрап өтінішін білдірген болатын. Болжам бойынша ағасы Ақмола облысында деп үміттенген.

- Біз дереу бұл мәселені шешу үшін партияның Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесімен байланысқа шықтық. Бірлескен жұмыс нәтижесінде қысқа мерзімде Александр Крайновты іздестіру жұмыстарын жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткіздік, - деді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлнар Шантеміровa.

Анықталғандай, Крайновтар отбасы бірқатар органдарға барып өтініш білдірген, тіпті танымал «Жди меня» телебағдарламасына да хабарласқан. Бірақ еш нәтиже болмаған. 25 жыл бойы таба алмаған ағасын енді көрем деген үміті де үзілген екен. Ата-анасы қаза болған. Дей тұрғанымен, 42 жастағы Валерий мен оның әпкесі іздеу шаралары табысты болатынына сенімін жоғалтпаған. Ниеттес адамдар оларға «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында хабарласуды ұсынады.

«Нұр Отан» партиясының қабылдау бөл­мелерінің аймақтарға, тіпті аудандық жер­лер­дегі бөлімдеріне байланысқа шығатын жол­дары арқылы біз Александр Крайновты із­деу­ді бастадық. Жұмысымызға Ақмола об­лыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Қымбат Жү­сіпова көмектесіп, іздестіру жұмыстары нәтижесінде Александр Крайновтың Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының бір ауылында тұратыны белгілі болды.  

Партияның тікелей араласуының арқасында ағайынды Крайновтарға 25 жылдан кейінгі көптен күткен кездесудің сәті түсті. Александрды қарсы алуға інісі Валерий мен жиені келді.

- 1996 жылы мен түрмеден босатылдым. Мен теміржол вокзалында құжаттарымды жоғалтып алып, туған қалама орала алмай жүрдім. Осы уақытқа дейін мен Көкшетауда  жұмысшы болып жұмыс істедім. Мені іздеген біреулер болды деп ойламадым. Тек кейін Зеренді ауданында құжаттарымды қайта қалпына келтіру үшін өтініш білдіргенімде мені туыстарымның іздеп жүргенін білдім. Ата-аналарым дүниеден өткен, бірақ бауырларымның мені іздестіріп жүргені мен үшін күтпеген әрі жағымды жаңалық болды, - деді Александр Крайнов.

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлнар Шантемірованың айтуынша, жыл басынан бері партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне  әртүрлі мәселелермен 3 мыңнан астам адам жолыққан. Оның шамамен 22 пайызы оң шешімін тапқан.

- Партияның Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесімен бірлескен  жағдайда іздеу жұмыстарын жүргізу және туыстарын табу біздің тәжірибемізде бірінші рет орын алды. Біз Крайновтар отбасына көмектесе алғанымызға өте қуаныштымыз және болашақта оларда барлығы  жақсы болады  деп үміттенеміз, - деді Гүлнар Шантемірова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары