$ 443.35  475.54  4.82

СҚО-да «Парасатты полицей» байқауы жалауын көтерді

Бүгін Петропавл қаласында Қазақстан полициясының 25 жылдығы аясында Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті базасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» республикалық конкурсының ашылу салтанаты өтті.

«Парасатты полицей» байқауы – қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыруға, кәсіби шеберлігін нығайтуға, патриоттық рухта тәрбиелеуге және таңдаған мамандығына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара.

Байқауға облыстардағы ішкі істер департаменттерінен, республикалық маңызы бар қалалардан, ҚР ІІМ-нің 3 жоғары оқу орнынан 19 команда қатысуда.

Конкурстың салтанатты ашылуына ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Кадр жұмысы жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Құрымбаев, СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, сондай-ақ, барлық облыстардағы ішкі істер департаменттерінің басшылығы мен баспасөз хатшылары қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде командалар ішкі істер органдарының 25 жылда жеткен жетістіктерін, оң имиджді, қызмет мәртебесі мен ерекшеліктерін, кәсіби қызметте қазақ тілінің қолданылуын көрсетіп, өз командаларын таныстырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары