$ 443.35  475.54  4.82

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен 1,5 жасар қыз бен 26 жастағы әйелді тапты

Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 1,5 жасар Жания Сапарбай мен оның нағашы әпкесі 26 жастағы Маржан Қозыбаеваны тапты деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Олар «Самал» шағынауданындағы аурухананың жанында болған.

Еске салайық, полицейлерге 6 қыркүйек күні 1,5 жасар сәбидің анасы шағымданып келген болатын. Ол 26 жастағы әпкесінің кішкентай қызды алып, белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтқан. Сәбиді ертіп кеткен Маржан Қозыбаеваның ақылында кемістігі болғандықтан, жас ана дереу полицияға арызданыпты.

Жания мен Маржанды «Самал» шағынауданының тұрғындары көріп қалып, дереу тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Полицейлердің хабарлауынша, сәбидің өміріне ешқандай қауіп төнбеген. Қазір ол анасының жанында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары