$ 448.15  483.46  4.86

Павлодарда апалы-сіңлі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі 5 жылға қамалуы мүмкін

Павлодарда бүгін 2007 және 2009 жылғы оқушы қыздарды трамвайдың қағып кеткенін бұған дейін жазған болатынбыз. Салдарынан апалы-сіңлі қыздардың үлкені оқиға орнында көз жұмса, кішісі аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. қазір полицейлер бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, трамвай жүргізушісі үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оны қамауға алу мәселесі қаралып жатыр.

«2007 жылы туған қыз алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал, 2009 жылғы қыз ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды», - дейді полицейлер.

Егер трамвай жүргізушісінің кінәсі дәлелденсе ол 5 жылға дейінгі мерзімде түрмеге жабылуы мүмкін.

Қазіргі таңда ерікті азаматтар әлеуметтік желілер арқылы қара жамылған отбасыға жылу жинап жатыр. олардың айтуынша, қыздардың анасы жалғызбасты әйел екен. Балаларын өзі ғана асырап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары