$ 443.44  480.51  4.88

Астанадағы төбелестен кейін Үндістанның 61 азаматы елден қуылатын болды

Алдағы күндері "Абу-Даби Плаза" кешенінде жұмыс істеп жүрген Үндістанның 61 азаматы елден депортацияланады. Олардың 23-і ертеңге дейін Қазақстан шығарылмақ. Бұл туралы Астана әкімінің Arabtec Holding PJSC құрылыс компаниясының басшылары және ҚР-дағы БАӘ Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесуі барысында айтылды.

Кездесу 2017 жылдың 2 қыркүйек күні «Абу-даби Плаза» құрылыс алаңындағы бақылау-өткізу пунктінде орын алған жағдайға қатысты болды.

«Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы алдағы күндері 61 шетелдік жұмысшы (Үндістан азаматтары) «Абу-Даби плаза»құрылыс алаңында тәртіп пен қоғамдық жағдайды бұзғаны үшін елден шығарылады, оның ішінде 23 адам бір тәулікте отанына оралады деп хабарлады.

Әңгіме барысында қала басшылығы мұндай жағдайдың қайталанбауын ескертті және шетелдіктерден Қазақстан Республикасының Заңына бағынып, моральдық-әдеп тәртібі нормаларын сақтауды, сондай-ақ Қазақстан халқының салтына сыйластықпен қарауды талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары