$ 441.89 € 502.56 ₽ 5.19

Қазақстанда 26 қыркүйекте найзағайлы жаңбыр күтіледі

26 қыркүйекте елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіліп, жел күшейеді. 

Фото: pixabay
Фото: pixabay

26 қыркүйек, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады деп күтіледі. Жауын-шашын атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болжанып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Синоптиктеінің мәліметінше, жауын-шашын елдің батысында ғана болмайды. Бұл өңірде ауа райына антициклонның жотасы әсер етеді.

Республика бойынша жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

«Түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде тұман күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0