$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысында көлігі түйеге соғысып қайтыс болған 5 әйелдің бәрі "Қағанат" асханалар желісінде жұмыс істеген

Алматы облысында жабық тасжолда болған жол апатынан қаза болғандар "Қағанат" асханалар желісінің қызметкерлері болып шықты. Олар Жаркентке бірге жұмыс істеп жүрген әйелге ұлының өліміне көңіл айтуға бара жатқан. Бұл мәліметті Tengrinews.kz порталына асхана желісіндегілер растаған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында Range Rover жүргізушісінің түйемен соғысып, салдарынан бес адамның қаза болғаны хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекке қараған түні Панфилов ауданынан өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тасжолында болған. Алматылық әйел отырған Range Rover көлігі Айдарлы ауылының маңында түйемен соғысып, аударылып кетіп, онда отырған жүргізуші әйел мен тағы үш жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапқан. Ал тағы бір жолаушы қыз кейінірек ауруханада қайтыс болған.

"Қағанат" асханалар желісіндегілер қаза болған барлық бес адамның осы асхананың қызметкерлері болғанын айтады. Олардың бірі директордың орынбасары қызметін атқарған. Жасы 39-да болған. Полициядағылар жол-көлік оқиғасымен айналысып жатыр.

Сондай-ақ, жол апаты болған учаскеде құрылыстың әлі аяқталмағаны және осыған байланысты сол аумақта көлік қозғалысына тыйым салынғаны айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары