$ 448.89  477.93  4.76

Шымкентте арнайы операция кезінде ұялы телефон ұрлап сататын "сақалдылар" ұсталған

Бүгін Шымкенттегі «Гарант» сауда орталығының алдында жүргізілген арнайы операция барысында ұялы телефондарды ұрлап сатумен айналысқан теріс діни ағымдары ұсталды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Полицейлердің мәліметінше, теріс дін ұстанушылары мобильді телефондарды ұрлап қана қлймай, олардың ішіне түрлі экстремистік уағыздарды жүктеп, жергілікті тұрғындарға сатып келген.

«2017 жылдың 19 қыркүйек күні Шымкент қаласының «Гарант» дүкендері аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шара өткізді. Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған», - делінген ОҚО ІІД таратқан хабарламада.

Айта кетейік, «Гарант» сауда үйінің алдында сақалы ұзын, балағы қысқа азаматтардың ұялы телефон сататыны туралы ақпарат бұған дейін бірнеше рет жарияланған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары