$ 443.35  475.54  4.82

Алматы әкімі мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады

Мұғалімдер күні қарсаңында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың үздік ұстаздармен кездесті. Салтанатты шараға 40-тан астам білім беру саласының өкілдері - мектеп мұғалімдері, лицейлер мен гимназиялар, ҰБТ-дан жоғары балл алған студенттер, республикалық және халықаралық олимпиадалардың женімпаздары қатысты.

Бүгінгі таңда қаланың білім беру жүйесіне 998 білім беру ұйымы кіреді. Олардың 443-і мемлекеттік және қалған 555-і жекеменшік білім ордалары. 370 мыңнан астам балаға 28 мың педагог еңбек етуде.

Алматы әкімі қала ұстаздарымен кездесуде, Рухани жаңғырту аясында Мемлекет басшысы білім саласын ең маңызды басымдықтардың бірі ретінде анықтайтынын және «экономикалық өсудің жаңа үлгісінде орталықтандырылған білім беруді қалыптастыру» міндетін белгілейді – деп, атап өтті.

«Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап білім беруді дамыту - мемлекеттік саясаттың өзгеріссіз басымдығы болып табылады. Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаев бастамасы бойынша өткізілетін реформаларды жүзеге асыруда Қазақстандық мұғалімдердің қосқан үлесі ұшан теңіз. Биылғы жылы Қазақстан жаңа тарихи кезеңге өтті. Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап өткендей, ертеңгі күннің ерекшелігіне ұлт жетістігінің басты факторы - тек адамның бәсекеге қабілеттілігі. Ұстаздар қауымы, сіздерге, біздің балаларымыз бен жастарымыз үшін алда осы қасиеттер жиынтығын дарыту тұр. Өзекті міндеттерді ескере отырып, биылғы жылы біз қала мектептерін қазіргі заманғы физика, химия, биология, лингафонды-мультимедиялық кабинеттерімен, интерактивті тақталармен 100% жабдықтадық. Соңғы 5 жылда 15 мың орынды 13 мектеп ашылды. Біз Алматыдағы ең дарынды мұғалімдердің жұмыс істейтіндігімен мақтан тұтамыз. республикалық олимпиадаларда және ғылыми жарыстарда бірнеше рет бірінші орынға ие. Сіздердің оқушыларыңыз бірнеше рет халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда бірінші орындарға ие болып келеді. Жоғары нәтижелерін ҰБТ–да көрсетеді. Бүгінгі күні қаланың білім беру жүйесін дамытуға лайықты үлес қосып келе жатқандарыңызға, сіздердің қиын, өте жауапты жұмыстарыңыз үшін алғыс айтқым келеді», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кету керек, Алматы түлектері осымен алтыншы жыл қатарынан ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балы үздік 97,5-ті көрсетіп отыр. Соңғы 12 жыл бойы республикалық олимпиадада бірінші командалық орынды иеленді. Республикалық ғылыми жобалар конкурстарында 15 рет жеңіске жетті. Президенттік олимпиададан 11 сынып оқушылары арасында төртінші жыл қатарынан жеңіп келеді.

Сонымен бірге, соңғы бес жыл ішінде қалада 15 мың орындық 280-нен астам балабақша және 15 мың орынға арналған 13 мектеп ашылды. Тек өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 500 орындық 4 балабақша пайдалануға берілген болатын.

«Шаңырақ» және «Қалқаман» шағынаудандарында мектептерге жапсарлас 1800 орындық құрылыс нысандары салынып, пайдалануға берілді. Биылғы жылы 6 балабақша құрылысы басталды. «Өжет» Шағынауданындағы №156 мектепте 600 оқушыға арналған жапсарлас құрылыс жүргізілуде. Алатау және Наурызбай аудандарында 2600 орындық мектептер құрылысына қосымша қаржы бөлінді.

Өткен жылы «мемлекеттік-жеке серіктестік» аясында жеке қаражаттар есебінен 175 балабақша және 5,7 мың орындық шағын орталықтар ашылды. Биылғы жылы 2000 орындық 57 жеке балабақшалар пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан қолдау шамамен 14 млрд. теңге бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Қала Құрылысы кеңесінде қалада тұрғын үй кешендерінің құрылысын қарау кезінде мектептер мен балабақшаларға ерекше назар аударылады. Соңғы 2 жылдың инвесторлар есебінен 7 мың орындық 54 балабақша салуға шешім қабылданды. 3 мың орындық 24 балабақша коммуналдық меншікке беріледі. Осының арқасында бюджеттік үнемдеу шамамен 24 млрд. теңге болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдан бастап «тегін кәсіби-техникалық білім жобасы» жүзеге асырылуда. Қалалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды 11 мың адамға тегін үйретуге мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстар орындарының саны 14 рет көбейтілді, бұл шамамен 7 мың адамды құрайды. Елбасының тапсырмасы бойынша 2017 жылы Алматыда «жастар жылы» жарияланған, тиісті Жол картасы әзірленді. 2 мың орындық 4 жатақхана құрылысы жоспарланды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп бірегей бағдарлама әзірленген, ол жастарға жаңа пәтер алу үшін несие мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары