$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбедегі Президент саябағында бойжеткенді қағып өлтірген студент қызға үкім шықты

Ақтөбедегі Тұңғыш Президент саябағында жол көлік оқиғасын жасап, бойжеткен қыз бен оның жігітін қағып кеткен 19 жастағы студент қызға сот үкімі шықты деп жазады "Диапазон".

Сот үкімі 2 қазан күні Ақтөбеде оқылды. Жол апатына кінәлі деп табылған Жұбанов атындағы университеттің студенті Сезім Самұрат 2 жыл 6 айға шартты түрде сотталып отыр.

Кінәлі бойжеткеннің өзі болса қайтыс болған Сюзанна Гамидованың туғандарынан кешірім сұрағанын айтты.

"Бүгін менің тағдырым шешіледі. Сюзанна Гамидованың отбасынан кешірім сұрадым. Олар мені кешірді. Мені бас бостандығымнан айырмауды сұраймын", - деді сотталушы судьяның алдында айтқан соңғы сөзінде.

Еске салайық, оқиға биыл 7 шілде күні орын алған болатын. "Сузуки" маркалы кроссовер жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келіп, саябақтың қоршауын бұзып өткен және жолындағы қыз бен жігітті қағып кеткен. Салдарынан 18 жастағы Сюзанна Гамидова оқиға орнында қайтыс болды. Ал, оның Қостанайдан келген жігіті ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Сот-медициналық сараптама анықтағандай, Сезім Самұрат басқарған көлік апат болар сәтте 91 км/сағ жылдамдықпен жүрген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары