$ 498.51  522.84  4.81

ОҚО-да Ауғанстанның 108 азаматы дәрілік шөптерді заңсыз жинаумен айналысқан

Оңтүстік Қазақстан облысында ферула деп аталатын дәрілік өсімдіктерді заңсыз жинаумен айналысқан ауған азаматтары ұсталды. ОҚО ІІД Көші-қон полициясының қызметкерлері жүргізген үш күндік рейд барысында аталған елден келген 108 адам анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Ұсталған шетелдіктердің барлығы Сарыағаш ауданында қолға түскен. Шетелдіктердің құжаттарын тексеру кезінде ОҚО аумағында еңбек етуге рұқсат қағазы болмағаны анықталды. Қазіргі таңда заңбұзушылықтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, шетел азаматтарын заңсыз еңбекке пайдаланғаны үшін тәртіп сақшылары 1988 ж.т. ҚР азаматын ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ОҚО ІІД Көші-қон полиция қызметкерлері өзге де қызмет өкілдерімен бірлесе «Заңсыз келуші» жедел іс-шарасының 3 күнінде көші-қон заңын бұзған 1000-нан аса азаматты анықтады, оның ішінде 951 шетел азаматы. 469 заңбұзушыға ескерту жасалып, 128 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды және 251 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

ОҚО ІІД қабылдап-бөлу мекемесіне өзімен бірге жеке басын анықтайтын құжаты жоқ 101 заңбұзушы жеткізілді. Сот шешімімен 197 шетел азаматы ҚР аумағынан шығарылды.

Көші-қон заңнамасын бұзған және шетел азаматын еңбекке заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР-ның 94 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ҚР аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамаған 2 шетел азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары