$ 498.51  522.84  4.81

Ресейде пойызбен соқтығысқан қазақстандық автобуста 55 адам болған

Ресейдің Владимир облысында бүгін таңда апатқа ұшыраған жолаушылар автобусында барлығы 55 адам болған. Олардың барлығы дерлік Өзбекстан азаматтары. Тек екі жүргізуші ғана қазақстандықтар. Ол екеуінің бірі оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрілігі мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, жан түршігерлік жол апаты 6 қазан күні жергілікті уақытпен түнгі сағат 3:29-да орын алған. Жолаушылар автобусы жүруге тыйым салатын белгіге қарамай темір жолға шығып кеткен көрінеді. Алайда, рельстің үстінде автобус бұзылып қалған. Пойыз машинистіне жолда бөгеттің бар екені ескертілгенімен, ол толықтай тоқтап үлгере алмапты.

Белгілі болғандай, автобус Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынына тиесілі. Ол өзбек жұмысшыларын Ресейге тасымалдаумен айналысқан екен. Апаттан барлығы 19 адам қайтыс болғаны белгілі болып отыр. Олардың арасында кішкентай балалар мен әйелер де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары