$ 448.15  483.46  4.86

Ресейде пойызбен соқтығысқан қазақстандық автобустың жүргізушісі қамалды

Мәскеу соты Ресейдің Владимир облысында пойызбен соқтығысқан қазақстандық жолаушылар автобусының жүргізушісі Нұрғали Сармановты 6 желтоқсанға дейін қамауға алды. Бұл жайында Мәскеудің Мещан аудандық сотына сілтеме жасаған ТАСС агентігі хабарлады.

Соттың ақпаратына қарағанда, Сарманов сотта жүргізушілер мен жолаушылар теміржолда өшіп, тұрып қалған автобусты өз күштерімен итеріп шығармақшы болған. Сармановтың сөзінше, шлагбаум жабылған соң жүргізушілер жолаушыларды автобустан шығуға айқайлап шақыра бастаған. Бірақ "жолаушылардың көбі ұйықтап жатқан, кейбірі масаң күйде болған".

6 қазан күні түнде Владимир облысында теміржолда тұрып қалған жолаушылар автобусы Санкт-Петербург - Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустағы 17 адам қаза тапқан. Құрбандардың біреуі - автобус жүргізушісі Қазақстан азаматы, қалғаны Өзбекстан азаматтары. Автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 55-і - жолаушылар, Өзбекстан азаматтары, екі жүргізуші - Қазақстан азаматтары. Қазақстан билігінің ақпараты бойынша, Mercedes маркалы автобус Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында тіркелген және халықаралық бағытта жолаушылар тасымалдауға лицензиясы болған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары