Қостанай облысының Жітіқара ауданында ВАЗ автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан үші адамды қағып кетіп, жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Алайда, көп ұзамай қолға түсті. Ал, түрлі дене жарақаттарын алған үш жәбірленуші ауруханада қайтыс болды деп жазады Alau.kz.
Кейінірек белгілі болғандай, марқұмдардың үшеуі де жедел жәрдемнің қызметкерлері екен. Бұл жайт бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"14 қазан күні сағат түнгі 1:30 шамасында Уәлиханов көшесінің Жібек жолы көшесімен қиылысар жерінде 23 жастағы көлік жүргізушісі "Лада" көлігімен 36, 51, 55 жастағы үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Мұнан кейін ол оқиға орнына ізін суытпақ болған. Алайда, полиция қызметкерлерімен ұсталды", - деп жазады портал тілшілері.
Алған дене жарақаттарынан 51 және 55 жастағы азаматтар ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған. Үшінші жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатып, біраз уақыттан кейін ол да көз жұмды.